«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

17 тамызда Айыртау ауданына жұмыс сапарымен Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Наталья Жумадильдаева келіп, ауданның бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.

«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ материалдық-техникалық базасын жабдықтандыруымен және білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысты. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының, сондай-ақ мектеп жанындағы көпсалалы спорт кешенінің жұмысын бағалады.
Кездесуге қатысушыларға білім беру саласындағы жетістіктер туралы мектеп директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы айтып берді.
Сондай-ақ кездесу барысында өңірдегі білім беру жүйесін дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы білім бөлімінің басшысы Б.Баймағамбетова айтып берді.
- Жаңа оқу жылында бірінші кезекте оқыту процесіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізуге көңіл бөлу. Білім беру сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жақсарту, мектеп инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар мектептерде қазақ тілін дамыту, аралас мектептерде қазақ сыныптарын ашу, қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныпқа балаларды қабылдау барысы туралы мәселелерді талқылады.
«Мемлекет педагог мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды дамыту, жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау бойынша барлық міндеттемелерді орындайды. Біздің міндетіміз-әр баланы сапалы білім мен тәрбиемен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс білім беру жүйесінің әрбір тармағының, оның ішінде білікті кадрлардың үйлесімді жұмыс істеуіне тікелей байланысты», — деді Наталья Жумадильдаева.
Записаться на прием