2024 жылдың 10 маусымында №2 Саумалкөл мектеп – гмназиясының базасында «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің дректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар аудан әкімдігі, полиция бөлімі, ТЖ бөлімі және білім бөлімі өкілдерінің спикерлерінің қатысуымен өтті. Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері, деструктивті діни ағымдардың жас ұрпаққа әсері, балаларда қауіпсіздік мәдениеті мен терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға жүйелі көзқарас, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, деструктивті секталардың ықпалына қарсы іс-қимыл мәселелері айтылды.
Жаңалықтар
2024 жылдың 10 маусымында №2 Саумалкөл мектеп – гмназиясының базасында «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Қаралды: 44