«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2025 жылғы 6-7 қаңтар аралығында Петропавлда «Қызылжар дарыны» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Ауданнан 25 бала қатысты. Оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 20 оқушы, жаратылыстану-

2025 жылғы 6-7 қаңтар аралығында Петропавлда «Қызылжар дарыны» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Ауданнан 25 бала қатысты. Оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 20 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 5 оқушы.
Олимпиада нәтижелері бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша: 1 орын - Тумгоева Мадина, Имантау ОМ 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын қазақ тілі пәні); 1 орын - Өмірболатов Мақсат, Саумалкөл №1 ОМ, 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы пәні); 2 орын - Коринец Артем, Саумалкөл №1 ОМ, 9 сынып оқушысы (ағылшын тілі пәні); 2 орын - Исмаилжанов Омарбек, Саумалкөл № 1 ОМ 8 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын қазақ тілі пәні); 2 орын-Еременко Егор, Саумалкөл №1 ОМ, 9 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы пәні); 3 орын-Мамырхан Аяжан, Рудный ОМ, 9 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні); 3 орын - Сафина Милана, Саумалкөл №1 ОМ, 8 сынып оқушысы(орыс тілі мен әдебиеті пәні); 3 орын - Шмидт Софья, Саумалкөл №1 ОМ, 8 сынып оқушысы(орыс тілі мен әдебиеті пәні).
Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша нәтиже - 3 орын Габайдуллина Алина, Имантау ОМ, 11 сынып оқушысы (биология пәні).
Барлық марапатталушылар медальдармен, дипломдармен, соның ішінде пауэрбанктермен, портативті колонкамен, «Қазақ хандығы» үстел ойындарымен, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС ҰБТ-ға дайындық сертификатымен және басқа да пайдалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі шабыт пен мереке атмосферасын құрған жарқын концерттік бағдарламамен безендірілді .
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оларға одан әрі табыс, жаңа шыңдарды бағындыру және жарқын жетістіктер тілейміз.

Записаться на прием