Ағымдағы жылдың 9-10 шілде күндері білім бөлімінің жоспарына сай оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында «Чайка» жазғы лагерінің маңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында аудандық спорттық-туристік жарыс өткізілді. Жарысқа Айыртау ОМ, Елецкий ОМ және Саумалкөл №1 ОМ командалары қатысты.
Спорттық-туристік жарыстың мақсаты:
• экологиялық-туристік мәдениет дағдыларын бекіту;
• туристік техника мен тактиканың дағдыларын және негіздерін меңгеру;
• табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Командалар жарыс барысында келесі сынақтардан өтті: туристік дағдылар, алғашқы медициналық көмек көрсету, сақтандыру құрылғысымен жұмыс жасау, фотосуреттер байқауы, бөрене арқылы өту, аспалы өткел бойынша қозғалыс, тағамдар байқауы, бивуакты орналастыру.
Әділқазылар шешімімен 3 орын – Айыртау ОМ, 2 орын – Саумалкөл №1 ОМ командалары иеленді. Жарыстың жеңімпазы – Елекций ОМ командасы атанды.